Вакциналау індетті болдырмауға көмектеседі

156167



Адамзат тарихында инфекциялар адамның соңынан бірге еріп келеді. Тұмау,  шешек, тырысқақ, іш сүзегі індеттерінен миллиондаған адамдар қазаға ұшырайды. 

Вакциналар егу процесіне пайда болатын және ағзаны нақты ауру тудырғыштан қорғауға қажетті, белсенді, арнайы иммунитеттің пайда болуына  ықпал етеді. 1976 жылы ағылшын дәрігері Дженнер сиыр шешегіне ұшыраған сиырлармен жұмыс істейтін фермерлердің табиғи шешекпен ауырмайтынын байқайды. Ол бір балаға сиыр шешегін егу арқылы оның табиғи шешекпен ауырмайтынын дәлелдеп берді. Вакциналар,  вирустар, бактериялар әлі кең етек жаймай тұрған сол бір заманда  ойлап табылған осы әдіс  Еуропада кең өріс алып, кейінірек барлық әлемдегі шешектің жойылуына негіз болды.

Ііндеттер қай заманда болсын бар болған және бүгінде бар.  Індеттердің бетін қайтаратын ең тиімді тәсіл – бұл вакциналауды уақытында  жүргізу. Вакциналауды алдын ала жүргізу демографияның өсуі, өлім-жітімнің азаюы және өмір сүру ұзақтығын арттырудың ең маңызы құралдарының бірі болып табылады. Вакциналаудың тиімділігін бүкіл әлем мойындап отыр: денсаулық сақтау саласында ең озық нәтижеге қол жеткізген, бұдан асқан  ешбір бағдарлама жоқ.

Қазақстан Республикасындағы профилактикалық екпелердің күнтізбесіне 21 инфекция еніп отыр. Біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып, жаңа туылған сәбилер мен жасөспірімдерге  В гепатитіне қарсы вакцинация жасау,  қызылша, қызамық, эпидпаротит, пневмокок, ХИБ-инфекцияларына (НIB-инфекциясы отит, бронхит, жедел респираторлық инфекция және пневмония сияқты гемофильдік таяқшалар арқылы туындайтын аурулар тобы) қарсы құрамдалған екпелер егуді енгізді.  Біз алғашқылар санатында полиомиелитке қарсы  инактивті вакцина салуды пайдаланып келеміз.  Біздің ұлттық күнтізбемізде тұмауға, А гепатитінің вирусына,  түйнеме, туляремия, оба, көктемгі-күзгі энцефалитке қарсы эпидемиялық көрсеткіштер бойынша екпелер салу көзделген. 

Қазақстанда профилактикалық екпелерді салудың толығымен мемлекеттік тұрғыдан қаржыландырылатынын айта кеткен жөн.  Профилактикалық күнтізбеге енгізілген екпелермен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тегін екпелер салу  жүргізіліп отырады. 

Екпелерді егуден бас тарту -  баланы қорғаудан айрып қана қоймай, басқа балаларды да қауіпке ұшыратады, осылайша қоғамда инфекциялық аурулардың таралуына жол береді, сөйтіп  балалар өлімінің ұлғаюына және жалпы денсаулықтың  төмендеуіне соқтыруы мүмкін. 

            

фото: obshtestvo.org

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -