Медициналық оңалту халықтың мүгедектілігін төмендетуге мүмкіндік береді

14575



Халықтың мүгедектілігін төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі процесс оңалту болып табылады. Оңалту шаралары қаншалықты уақытылы жасалатын болса, адам да соншалықты жылдам сауығады. Оңалту процесі үздіксіз болуы тиіс екендігін айта кету керек. Миокард инфаргі, инсульт, кардиохирургиялық операциядан кейін пациент оңалту көмегін алуы тиіс. Медицинада тек оңалту шараларына ғана емес, сондай-ақ ерте деңгейде мүмкін болатын қауіпті патологияны және ауыруды анықтауға мүмкіндік беретін скринингті қоса, оңалту алдындағы кезеңге де көңіл аудару маңызды.

Оңалтудың негізгі қағидалары: ерте бастау, кезеңділік, үздіксіздік, сабақтастық, жеке және мультитәртіптік тәсіл, қолжетімділік, оңалту іс-шараларын жүргізуге мақсатты нақты және айқын тұжырымдау.

Осыған байланысты, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиология және оңалту бөлімшесі Алматы қаласы және еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына мамандандырылған кардиологиялық және терапевтік медициналық көмек көрсетеді. Бұл сауықтырып емдеу, медициналық оңалту, физиотерапевтік процедуралар. 

Бөлімше меңгерушісінің м.а. Әсем Амантаеваның айтуынша, жүргізіліп жатқан кардиооңалту кардиологиялық науқастың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Кардиооңалтуға емдік физкультура, мөлшерленген жаяу жүріс, велоэргометрде (велотренажер) динамикалық жаттығулар жасау, темекі шегуден бас тарту, дене салмағы мен липидтер деңгейін қалыпқа келтіру, артериялық гипертонияны, қант диабетін емдеу, психолог дәрігерді шақыра отырып психологиялық қолдау көрсету жатады.

«Біз пациенттің денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін жақсарту, аурудың асқынуының алдын алу, олардың қоғамдағы күнделікті өмірге ыңғайлануы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз»,- дейді Әсем Нұралықызы.

Сонымен қатар біздің институт резидентура және докторантура арқылы ғылыми кадрларды, оның ішінде алыс және жақын шетелдерден мамандарды дайындау үшін білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, сондай-ақ резиденттермен сабақ жүргізіледі деп атап өтті бөлімше меңгерушісі.

Болуы мүмкін мүгедектіліктің алдын алу және төмендету, өмір сүру сапасын жақсарту, пациенттің жұмыс істеу қабілеттілігін және оның қоғамда әлеуметтік ыңғайлануына бағытталған жұмыстар өз нәтижелерін беріп жатыр. Оны біз көріп отырмыз, әсіресе инфаркт пен кардиохирургиялық операциялардан кейін пациенттердің денсаулығы оңалады және еңбек ету қабілеттері қалпына келеді.


фото: АиФ

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -