Туберкулезді жою уақыты келді

20823



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: Туберкулезді жою уақыты келді

Жыл сайын 24 наурызда біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеміз, оның мақсаты адамдардың туберкулез сияқты ауру, туберкулездің ауыртпалығы және оның алдын алу және бүкіл әлемде оны емдеу бойынша күш-жігері туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Неге дәл 24 наурыз? Доктор Роберт Кох 1882 жылы тура сол күні туберкулез қоздырғышы - бактерияны ашуға қол жеткізді, соның арқасында осы аурудың диагностикасы мен емі табылды. 

Қазіргі таңда, жүз жыл бұрынғыдай, туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурудың бірі болып қала береді. Күн сайын осы алдын алуға болатын және емделетін аурудан 4 мыңнан астам адам қайтыс болады, ал 30 мыңға жуық адам онымен ауырады. Биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні туберкулездің алдын алу және оны емдеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру керек екенін бәрімізге еске түсіретін «Әрекет ету уақыты келді», «Туберкулезді жою уақыты келді» деген ұранмен өтеді.   

Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестің жоғары ұйымдастырылған жүйесі құрылды, ол перзентханалардан, бала бақшалардан бастап осы ауру бойынша жоғары мамандандырылған институттармен аяқталатын барлық денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін қамтиды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 158 бұйрығына негізделген туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленді. Сондай-ақ Туберкулезді интеграцияланған бақылау моделі әзірленіп, ойдағыдай енгізілді.

 Туберкулезді анықтау, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне кіреді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүзеге асырылады. Туберкулезді уақытылы анықтап, емдеген кезде толығымен емделеді. Туберкулездің медициналық алдын алу негізі – бұл емханада тұрақты түрде  тексеріліп-қаралу, бұл әрбір қазақстандық үшін тегін және кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді:

  1.  БЦЖ вакцинасы -  алғашқы туылған күнінен бастап;
  2. 7 және 14 жаста БЦЖ ревакцинациясы (вакцинация жүргізгенге дейін -  организм реакциясын тексеру (Манту сынамасы);
  3. флюорографиялық скрининг (жыл сайын ересектер үшін);
  4. көрсеткіштер кезінде: өкпе рентгенографиясы.

Қазақстан Республикасы ДДСҰ және Халықаралық туберкулезге және өкпе ауруларына қарсы күрес одағының саясатын ұстанады. Соңғы 10 жылда өлім-жітім көрсеткіші 5,6 есеге төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 3 жағдайды құрады. Алғаш рет анықталған сезімтал туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі 2019 жылы артты және 88,6% құрады, ДДСҰ стандарты кезінде – 85%, ал көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар - 81% , ДДСҰ стандарты кезінде - 75% құрады. Мемлекет тарапынан көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін жыл сайын қосымша қаржы бөлінеді. Туберкулезді диагностикалау мен емдеудің инновациялық экспресс-әдістерін енгізу жалғасуда. Осы шаралардың барлығы жақын арада Қазақстанда туберкулез індетін жоюға белсенді ықпал ететін болады. 


фото: АЛМ

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -