КІА ҒЗИ-да жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге теріасты кардиовертер-дефибриллятор импланттанды

9482

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге теріасты кардиовертер-дефибриллятор импланттау бойынша шеберлік класы өткізілді. Бұл инновациялық емдеу әдісі клиникада алғаш рет енгізілді.

Шеберлік класс шеңберінде жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылысы бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақстанның жетекші аритмологтарының бірі Роин Реквава еліміздің және институттың жас мамандары мен резиденттері үшін  екі күн ішінде 42, 48 және 55 жастағы пациенттерге операция жасады.

Имплантталған кардиовертер-дефибриллятор өмір сүруге қауіпті жүрек ырғағының бұзылысы және ауыр жүрек кемістігі бар пациенттер үшін жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупінен қорғануға және олардың өмірлерін сақтап қалуға көмектеседі.

Операцияның техникалық ерекшеліктері қондырғы электродтарының инфекцияға әкелуі, олардың  бұзылуы, сондай-ақ жүрек қабырғалары мен тамырларының зақымдануымен байланысты болатын қауіптердің болуымен сипатталады. Тестілеуге Boston Scientific компаниясының (Ресей) клиникалық маманы Роман Фокин көмектесті.

Роин Роиновичтің айтуынша, қайталап  импланттаудың барысында қауіптер бірнеше есеге артады. Теріасты электроды бар имплантталатын кардиовертер-дефибрилляторды пайдалану барлық қауіптердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

 «Теріасты кардиовертер –дефибрилляторды импланттау арнайы әзірленген әдіс бойынша жүзеге асырылады, бұл қондырғы жұмысының тиімді болуы мен асқынулардың мейлінше аз болуы үшін негіз болып табылады», - дейді Роин Реквава.

Электрод тамырішілік ретінде жіңішке және жұмсақ болмауы керек, электродтың теріастында орналасуы оны механикалық әсерлерге мейлінше мықты және тұрақты етеді.

Теріасты кардиовертер - дефибриллятор жүрек тамырларының күрделі анатомиясы бар, дене қимылы жағынан белсенді жас пациенттерге жасалады, өйткені оларда тамырішілік электродтың зақымдану қаупі жоғары, инфекциялық асқынулардың болу қаупімен созылмалы бүйрек кемістігі бар, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге, егер бірінші операция кезінде инфекциялық асқынулар болса, кардиовертер – дефибриллятор қайталап импланттауға мұқтаж пациенттерге имплантталады.

Жүректің тоқтап қалуына алғашқы профилактика жасау үшін клиникалық практикаға теріасты кардиовертер-дефибрилляторларды енгізу операциядан кейінгі асқынулардың санын азайтып, пациенттің өмір сүру сапасын жақсартады. Сонымен қатар, осындай мастер-кластарды өткізу осы емдеу әдісін республиканың басқа клиникаларында қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл операция науқастарға тегін жасалатындығын, бір операцияға мемлекет 6 миллион 100 мың теңге бөлетіндігін айта кету керек.

2012 жылдан бері Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 2000-нан астам кардиовертер-дефибрилляторлық имплантациялау операциялары жасалды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -