СОӨА дұрыс емдеу арқылы ауру ағымын тежеуге болады

26334



Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасы бойынша қарашаның екінші немесе үшінші аптасының сәрсенбісінде  әлемнің 50-ден астам елдерінде «Созылмалы обструктивті өкпе ауруына қарсы дүниежүзілік күрес күні» (World Chronic Obstructive Pulmonary Disease Day, World COPD Day) аталып өтеді, бұл күннің мақсаты - созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) туралы халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру, осы аурудың алдын алу және СОӨА пациенттерін емдеу әдісімен таныстыру болып табылады. 

СОӨА туралы мәліметті  халыққа жеткізу және  пациенттерге көрсетілетін көмекті жақсарту бойынша Қазақстанда бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр.  Денсаулық сақтау мамандары медициналық зерттеулерді, профилактикалық және ақпараттық іс-шараларды, темекі шегуге қарсы күреске бағытталған әртүрлі акцияларды  жүргізуде. 

Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы дегеніміз өкпенің бұзылуына ықпал ететін бөлшектер мен газдарды жұту себебінен өкпенің созылмалы қабынуына әкелетін және дамитын ауру болып табылады.

СОӨА клиникалық белгілеріне ентігу, жөтелу және қақыру жатады. Ауру диагнозын  спирометриялық зерттеу арқылы анықталады. 

СОӨА дұрыс емдеу арқылы ауру ағымын тежеуге болады. Дәрігерлердің болжамы бойынша, егер  бұл аурудың алдын алу үшін жуық арада іс-шаралар қабылданбаса, онда СОӨА ауруынан өлім-жітім саны он жыл ішінде 30% астам пайызға өсуі мүмкін. 

СОӨА әлемге таралу көрсеткіші  6%-дан  (Мексикада)  20%-ға (Чилиде) дейін болып отыр. ДДСҰ-ның бағалауы бойынша созылмалы обструктивтік өкпе ауруына шалдыққандар саны  210 миллион адамды құрайды.  Жыл сайын СОӨА бойынща 2,8 миллионға жуық адам қайтыс болады, бұл барлық өлім себептерінің 4,8% құрайды. СОӨА өлім жағдайының 90% пайызы дерлік саны табысы төмен және орташа болып саналатын елдерде орын алып отыр.  

Аурудың негізгі себептеріне – шылым шегу, темекі түтіні, шаң, газ, түтін арқылы ауаның ластануы, кәсіби зияндар (еңбек пен өндірістің  жағымсыз факторлары,  жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін санитариялық еңбек жағдайы) жатады.

СОӨА-мен күресудің дүниежүзілік күні шеңберінде 2019 жылдың 20 қарашасында  СОӨА пациенттері үшін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да небулайзерлік терапия (тыныс алу мүшелерінің ауруы барысында қолданылатын ингаляциялық терапия түрлерінің бірі) бойынша шеберлік-класпен бірге семинар өткізілді. 


Сәуле Қасенова, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның кардиотерапия қызметінің басшысы, м.ғ.д., профессор 

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -