Жол ережесін жиі бұзатындар ұпайдан қағылады

6094



Болашақта жол ережесін елемейтін жүргізушілерге арналған ұпайлар жүйесі әзірленуі мүмкін.

Қауіпсіздікті күшейтуге қатысты ұсыныстармен сенатор Андрей Лукин бөлісті.

«Мен полицейлердің ұсынысын қолдаймын. Өйткені ол жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жеке тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты», — деді Лукин.

Сенатор ұпайлар жүйесін әзірлеп, енгізу керек екенін жеткізді. Ал белгіленген шектен асқандарды көлік жүргізу құқығынан айыру ләзім. Лукиннің айтуынша, аталған мәселелер қызығушылық танытқан тұлғалар мен қоғамның қатысуымен жан-жақты талқылануы тиіс.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда 400 «Сергек» камерасы іске қосылды.


Kolesa.kz

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -