Нұр-Сұлтанда есірткінің зияны мен салдары жайлы диалог алаңы өтті

8635



Қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен нашақорлықты алдын алу, уытты заттардың зияны тақырыбында білім беру мекемелері, колледж директорлары және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлескен диалог алаңы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара барысында жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, оның алдын алу және балаларға салауатты өмір салтын баулу, жастардың есірткімен байланысты жасалған қылмыстары мен заңды жауапкершілік, психобелсенді заттар мен олардың аналогтарын қолданудың салдары секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ есірткі қылмысына қатысты жазаны қатаңдату бойынша нормативтік актілер талқыланды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында нашақорлық пен есірткі қылмысымен күресуге бағытталған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмысы аясында 2020 оқу жылына арналған есірткіге қарсы бірлескен алдын-алу шараларын қабылдау жөнінде шешім қабылданды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -