2021 жылдың 20 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат

73403
2021 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді. 


pixabay.com

4 521 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 121 адам, анықтамасыз 400 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
 
  •  Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 276 жолаушы, анықтамамен - 2 145, анықтамасыз - 131; 
  •  Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 948 жолаушы, анықтамамен - 787; анықтамасыз - 161;
  •  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен - 603; анықтамасыз - 44; 
  •  Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 348 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 37;
  •  Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;
  •  Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз - 27.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 19 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 412 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген алты жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -