Нур-Султан

Алматы

Қазақстан-Франция: стратегиялық серіктестіктің серпінді жаңа кезеңі

11 июня 2021, 01:30419

Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев Францияның сыртқы саясат ведомствосының, экономика және қаржы министрлігінің өкілдерімен, сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Пьер Гогемен, сондай-ақ қазақ-француз Іскерлік кеңесінің басшылығымен және Medef жетекші кәсіпорындар бірлестігімен кездесулер өткізді. Кездесу қатысушыларына екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар, сондай-ақ Вольтер тіліне аударылған Абай шығармаларының жинақтары табыс етілді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Францияның  Еуропа және сыртқы істер министрінің Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия жөніндегі арнайы өкілі Паскаль Лороның айтуынша, соңғы үш ай саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларға толы болды. Өз кезегінде Іскерлік кеңестің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррер Париждегі қазақстандық дипломаттардың жүргізген ауқымды жұмысын ерекше атап өтті.

slider

Осылайша, осы кезеңде Іскерлік кеңес пен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырыстары өтті.

slider

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Мұхтар Тілеуберді мен Жан-Ив Ле Дриан арасында телефон арқылы сөйлесу ұйымдастырылды. Ал мамыр айының ортасында Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестер бастаған француз делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына сапары болды. Сапар қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықтың Жол картасына, сондай-ақ басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылды.

slider

Маусым айында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев пен француз сыртқы саяси ведомствосындағы Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Фредерик Мондолони екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша "сағаттарды теңестіріп", СІМ аралық консультациялардың кезекті раундын өткізумен де екіжақты байланыстардың серпіні қолдау тапты. Бұл эстафетаны бейнеконференция форматында келіссөздер жүргізген екі елдің парламентшілері жалғастырды.

slider

Жалпы, жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өткізу үшін маңызды күн тәртібі белгіленді.

slider
slider
slider
slider

2006 - 2021 © Деловой Казахстан. 16+

info@dknews.kz

novosti@dknews.kz