Қазақстан ЕҚТ-ны ұлттық мүдделерді ескере отырып енгізуге тиіс

1118

Қазақстан өзінің ұлттық мүдделері мен халықаралық келісімдерін негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделетін ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізуі қажет. GIZ сарапшысы, Hendrikson & Ko қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші сарапшысы Юхан Руут Нұр-Сұлтан қаласында сәрсенбі күні «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) алаңында ұйымдастырылған «Жасыл» экономика және ЕҚТ қағидаттарына көшу мәселелері жөніндегі II Халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде осындай пікір айтты. Іс-шара Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.

«Қазақстан өз «bref»-ін әзірлеу қажет пе, әлде ресейлік немесе еуропалық үлгілерін көшіріп алу керек пе? Шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық басымдықтар мен халықаралық келісімдерді ескере отырып қабылдауға тиіс», - деп мәлімдеді ол.

Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары болған өнеркәсіп кәсіпорындарында ең озық қолжетімді технологияларды өз уақытында енгізудің арқасында соңғы жылдары ластаушы заттар шығарындыларының саны едәуір қысқарған Еуропаның кейбір елдерінің тәжірибесі қазіргі уақытта Қазақстан үшін ЕҚТ енгізудің табысты мысалы болып табылатыны белгілі. Атап айтқанда, олардың ЕҚТ енгізу жөніндегі жобаларын қазір ХЖТИЖО мұқият зерделеуде. Сонымен бірге, қазірдің өзінде барлық еуропалық бастамалар Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол күйінде қабылдана және енгізіле бермейтіні түсінікті. Мысалы, Еуропада әзірленген техникалық анықтамалықтар негізінде ЕҚТ енгізу республикада мүлдем қолайсыз, өйткені оларда экологиялық стандарттарға қойылатын талаптар  тым жоғары. Егер Ресейде әзірленген, менталитеті және басқа да ерекшеліктері бойынша Қазақстанға барынша жақын техникалық стандарттарға жүгінетін болсақ, онда зерттеу барысында анықталғандай, олар талап етілетін экологиялық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

РФ МЭИ ҒЗУ ҒЗТ және энергия үнемдеу әдіснамасы ҒЗЗ меңгерушісі Евгений Гашо конференцияда сөйлеген сөзінде әртүрлі елдердегі ЕҚТ енгізу ерекшеліктерін салыстыра келе, Ресейде және ЕО-да жарияланған барлық ЕҚТ анықтамалықтарында энергия тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер бар деп атап көрсетті. Ресейде, оның айтуынша, тек 2015-2018 жылдар ішінде ЕҚТ бойынша 51 ақпараттық-техникалық анықтамалық әзірленді, оның ішінде 23-энергияны көп қажет ететін салаларға қатысты.

На изображении может находиться: 1 человек

Қазақстан ЕҚТ енгізу кезінде қандай тәжірибені пайдаланса да, оның жетістігі көп жағдайда мемлекет тарапынан ынталандыру шараларына байланысты болады деп есептеледі.

GIZ сарапшысы, Metroeconomica (Испания) серіктесі әрі бас директоры Ибон Галларага ЕҚТ енгізу үшін экономикалық ынталандыру құралдары туралы айта келе,  экономикалық құралдадың мұндай процеске өте қажетті қосымша болып табылатынын атап өтті. Ол ластануды азайту және ЕҚТ енгізу үшін экономикалық ынталандыру бір немесе бірнеше құралдарды қамтитын әлемнің әртүрлі елдерін мысалға келтірді: Қытайда - субсидиялар мен кредиттер,  Данияда – субсидиялар мен салықтық преференциялар, Үндістанда, Түркияда және Польшада – тек кредиттер, Швецияда – тек салықтық преференциялар және т.б. Осы орайда Германия ең дамыған ел болып отыр, онда тиісті экономикалық ынталандыруларға барлық қарастырылған құралдар кіреді: субсидиялар, несиелер және салықтық преференциялар.

Бұл жерде «Қазақстандағы жағдай қолайлы: Экологиялық кодекс көптеген құралдарды ескереді» деп ескерте отырып, «Өршіл экологиялық саясат инновациялар мен бәсекеге қабілеттілікті ынталандырады. Бірақ ұтымды жобалап, іске асыру керек», - деп мәлімдеді И.Галларага. ЕҚТ енгізу  - Қазақстан үшін маңызды іс, еліміз Экологиялық кодекс қабылданғаннан кейін өнеркәсіптің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайта отырып, өзінің экологиялық саясатын толық қайта құруға ниеттеніп отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -