«Фараби әлемі»

971

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы ең ірі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы басталды. Жыл сайын аталған ғылыми форум бүкіл Қазақстаннан және жақын, алыс шетелдерден 6 мыңнан астам қатысушының басын қосады, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.


СР

Биылғы жылы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шаралардың әсеріне байланысты конференция қашықтық форматта өтеді.

Конференция аясында 2021 жылғы 6-8 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінде 120 секция жұмыс істейді, онда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалады.

«Фараби әлемі» конференция аясында дәстүрлі түрде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Үздік жас ғалымы" байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты ғылыми-инновациялық қызметті белсенді жүргізетін университеттің білім алушыларын, жас ғалымдары мен қызметкерлерін қолдау, олардың ғылыми жетістіктерін танымал ету, ҒЗЖ нәтижелерін оқу және өндірістік процестерге енгізу.

Байқаудың сараптамалық комиссиясының шешімі негізінде  "жаратылыстану ғылымдары саласындағы Үздік жас ғалым" және "әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы Үздік жас ғалым" номинациялары бойынша 16 үздік жас ғалым анықталады. 

«Фараби әлемі» конференциясы мен «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпаздары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының дипломдарымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -