Тәуелсіздіңтің 30 жылдығына арналған эдвайзерлік сағат

1053

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың менеджмент кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эдвайзерлік сағат өтті, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараны болашақ мемлекеттік қызметшілер мамандығында оқитын үшінші курс студенттерінің бастауы кездейсоқ емес. Белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар өздерінің эдвайзері Райгүл Есенжігітоваға құрмет көрсетіп, оның барлық бастамаларына қолдау көрсетуде.

Жиын барысында жастар бірінші кезекте отанға деген сүйіспеншіліктерін және Қазақстан Республикасының бірінші басшыларына деген алғыстарын білдірді.

«Елбасы – ел тірегі» деп аталатын бұл эдвайзерлік сағаттың жүргізушілері әрі ұйымдастырушылары Лана Рысбай мен Сапар Ауғанбаев. Қатысушылар әртүрлі тақырыпта баяндама жасап, шарада Нұрсұлтан Таждинов домбырада күй шертіп, Дәулет Бекзат Тұңғыш Президентке арнаған авторлық өлеңдерін арнады. Сондай-ақ ашық сағатқа қатысқан «Менеджмент», «Қаржы және есеп» кафедраларының оқытушы ғалымдары болашақ мемлекеттік қызметшілерге Елбасы ісінің лайықты жалғастырушысы болуларына тілек білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -