Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті

147319

2021 жылдың 8 сәуірінде жергілікті сағат 17:30 шамасында ​ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне​ жасөспірімнің дене​ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, 16 жастағы аудан тұрғынына белгісіз адам​ пышақпен жарақат салған, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.


pixabay

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 16 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру​ амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.​

​ Оқиғаның​ орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ​ шұғыл кеңес өтті. Кеңеске әкімдік, білім беру өкілдері, “Жас Отан” жастар қанаты және​ басқа да​ мүдделі органдардың өкілдері шақырылды. Шұғыл кеңесте кәмелет жасына толмағандар арасындағы​ құқық бұзушылықтың​ және қылмыстылықтың алдын алу​ бойынша бірлескен жедел іс-шараларды күшейту, сондай-ақ​ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі​ ​ маңызды рөлі туралы талқыланды.

Өз кезегінде, Қызылорда облысы Полиция департаменті ата-аналарға балаларына аса мұқият болып, бақылауды күшейтуді сұрайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -