ҚазҰУ-да коронавирусқа қарсы күрес мәселелері талқыланды

1063

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Life after СOVID-19» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Екі күнге жоспарланған конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық өзгерістерге байланысты біздің елдің тиісті шараларды дер кезінде қабылдағанын және індетке қарсы күресті жалғастырып отырғандығын атап өтті.

Университет басшысы сонымен қатар еліміздің жаңа геосаяси жағдайдағы ұзақ мерзімді дамуының маңыздылығына мән беріп, медицина саласында университет атқаруы тиіс нақты шараларға тоқталды.

– Дамыған елдердің озық тәжірибесі ірі университеттерде ғылым, білім және инновациялық өндіріс негізінде технологиялық алқаптар құрылатынын көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған реформаларға серпін беру үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті IT, инновациялық және медициналық-биологиялық кластерлерді қамтитын «Әл-Фараби» ғылыми-технологиялық алқабын құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға кіріседі. Осыған орай университет дәрігерлерді дайындау сапасын арттыру, ҚазҰУ-дағы үздік ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын табысты жүргізіп келеді және болашақта да жалғастыратын болады. Конференцияның басты мақсаты – КОВИД-19 бойынша тәжірибе мен білік алмасу. Конференция нәтижелері қазіргі Қазақстан медицинасы ғылымына пайдалы болады деп сенемін» деді ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.



Шара ұйымдастырушылары – Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Медицина жоғары мектебі. Конференцияға «Neuroscince» инфекционистер, неврологтар қауымдастығы, Алматы қаласының «Қалалық респираторлық қоғамы», «Медициналық зертханалық диагностика және сараптамалардың Орталық Азия бірлестігі», «Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық алдын алу бойынша мамандар қоғамы» сынды кәсіби медициналық қауымдастықтар қолдау білдіріп, практикалық дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, студенттер, аспиранттар және ғылыми орталықтар мен университеттердің жас ғалымдары қатысуда. Пленарлық отырыста сөз алған медицина ғылымдарының докторы, профессор, АИТВ-жұқпасы және қауымдастырылған аурулар кафедрасының жетекшісі Жанна Трумова әлемдегі инфекциялық аурулардың, оның ішінде ковид инфекциясының таралу деңгейіне сараптама жасады. Ғалым жалпы инфекциялық аурулардың бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырғандығын айта келе, коронавирус бойынша Қазақстан, ТМД және әлем елдеріндегі статистиканы алға тартты. Ол бүгінгі таңда індетке қарсы әлем ғалымдарының күш жұмылдырып отырғандығын ерекше атап өтті. «Коронавирус инфекциясы толқымалы сипатқа ие. Екпе салу кең ауқымда жүзеге асуда. Демек, бар әлем коронавирус инфекциясын ауыздықтауға барын салуда», деді Жанна Зиапеденқызы.

Сондай-ақ шарада АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Италия, Ресей елдерінің белгілі ғалымдары, отандық жетекші ғалымдар сөз сөйлеп, эпидемиология, клиника және COVID-19 инфекциясын анықтау, вакцинопрофилактика, асқынған қабынуға қарсы және ковидтан кейінгі синдромның маңызды мәселелерін ортаға салды. Covid-19 пандемиясы кезеңінде балалар мен жүкті әйелдерге, жүрек-қан тамырлары аурулары бар коморбидті пациенттерге медициналық көмек көрсету, оңалту мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасын тапты. Шара аясында тақырыптық симпозиумдар, жас ғалымдар байқауы, «Neurology Update in Kazakhstan 2021» EAN-Day in Kazakhstan» халықаралық неврологиялық білім беру форумы жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -