ҚазҰУ ректоры түркологтар жиынына қатысты

1124

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен өткен «Ә.Тенишев. Түркі тіл білімінің сардары» атты халықаралық онлайн-конференцияда баяндама жасады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ауқымды шара татар халқының ұлы перзенті, танымал түрколог-ғалым Әдһәм Тенишевтің 100 жылдық мерейтойына арналды.
ЖОО басшысы Жансейіт Түймебаев алдымен танымал ғалымның өнегелі өмір жолына тоқталып өтті. Әдһәм Рахымұлының Ресейде татар зиялылары отбасында дүниеге келген, Қырғыз жерінде өскен. Ғылым мен мәдениет ордасы болған Мәскеу мен Ленинградта жоғары білім алып, маман ретінде қалыптасқан. Саналы ғұмырын түркі халықтарының көне тілін, жазба ескерткіштерін зерттеуге, тарихы мен этнографиясын зерделеуге арнаған.

«Әдһәм Тенишевтің жан-жақтылығы, ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы шеберлігі оның түркі ғылымының көрнекті көшбасшысына айналуына септігін тигізді»,– деп пікір білдірді өз сөзінде Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар ректор көрнекті ғалымның түркі халықтарының фольклорына, түріктердің материалдық және рухани мәдениетіне арналған этнографиялық еңбектерін саралады. Әдһәм Тенишевтің қытай тілінде шыққан «Түркі тілдерін зерттеуге кіріспе» және «Түрік тілінің грамматикасы» монографияларын түркітану ғылымына қосқан қомақты үлесі деп бағалады.

Халықаралық шараға өзге де түркі дүниесіне танымал ғалымдар және ғылыми ұйым басшылары қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -