Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі талқыланды

852

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында стратегиялық сессиялардың онлайн пікірталас платформасы іске қосылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтайыр Ахметовпен өткен стратегиялық сессия мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын талқылауға арналды.

Онлайн кездесу барысында сындарлы пікірталас болып, ынтымақтастық және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға сараптамалық-талдамалық қолдау көрсетуі туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар университет өкілдері тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сандық әзірлемелерін ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, ақпараттық технологиялар менеджменті, мемлекеттік қызмет және кызметкерлерді басқару саласында мамандарды даярлау бойынша белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -