Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

1552

Тарихи жады мен ұрпақ сабақтастығын сақтау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үлкен көңіл бөледі. Аға ұрпақ өкілдеріне деген құрмет және оларға қамқорлық қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Жеңіс күніне орай университетте «Ардагерлерге құрмет» атты қайырымдылық акциясы өтті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазіргі ұрпақтың парызы – қиын-қыстау кезеңде жауынгерлермен бірге батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, аянбай еңбек етіп тер төккен тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерін қолдап, оларға қамқор болу. Университет тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы барысында 121 Ұлы Отан соғысының, тылдағы еңбек майданының, Ауған соғысының ардагеріне және университет ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне арнайы азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек табысталды. Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің оқытушысы, Ауғанстандағы соғыс ардагері Болат Сайлан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған университет ұжымына құттықтаулары мен қолдаулары үшін алғыс білдіріп – «Бүгін Ұлы Жеңіске 76 жыл толады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін көптеген оқытушылар мен қызметкерлер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс жасап, ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосып үлгерді. Өкінішке орай, жыл сайын сұрапыл соғысты бастан кешкен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатары сиреп келеді. Әрине, бұл біздің енді тарихымыз. Соғыс кезінде әр отбасы көптен күткен жеңіске үлес қосқаны сөзсіз. Сондықтан мен әрбір отбасын, мұғалімдерді, әріптестерді, студенттерді және көпшілік қауымды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Ауған соғысының ардагері.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -