Ғалымдар еңбегін жариялау жолға қойылады

1067

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Эльзивер (Elsevier) компаниясының Орталық Азия мен Әзірбайжан бойынша аймақтық басшысы Дамир Рахметовті қабылдады. Әңгіме барысында өзара ынтымақтастықтың жаңа міндеттері талқыланды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Негізі 1880 жылы қаланған Эльзивер компаниясы – 2000-нан астам ғылыми журнал шығаратын әлемдегі ең ірі баспалардың бірі. Ең танымал өнімі – Scopus зерттеу рефераттары мен дәйексөздер туралы мәліметтер базасы.

Кездесуде аймақ жетекшісі компания бүгінгі таңда қызмет аясын кеңейтіп, ақпараттық талдау жүйесіне бет бұрғанын мәлімдеді. Ол ҚазҰУ мен Эльзивер компаниясы арасындағы стратегиялық әріптестіктің зор мүмкіндіктеріне тоқтала отырып, білім ордасының ғылыми жарияланымдар бойынша қазіргі таңдағы көрсеткіштерінен хабардар етті. Университет ғалымдарының жаратылыстану ғылымы бойынша басымдықтарын атап көрсетіп, компания инженерлік шешімдерді табуға, мақалаларды сараптауға, нақты бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

ҚазҰУ басшысы өз кезегінде, алдымен, оқу орны ғалымдарының бай ғылыми әлеуетін атап өтті. Scopus базасына енетін жоғары рейтингті журналдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі және олар белсенділігі үшін жыл сайын Scopus марапатына ие болуда. Ректор жарияланым көрсеткішін көтеру және зерттеулерді ғылыми көпшілікке тиімді таныстыру жолдарын бірлесіп қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ аймақтық деңгейде маңызды ғылыми журналдарға назар аударудың өзектілігін баса айтты.

Кездесу барысында гуманитарлық сала ғалымдарының жарияланым белсенділігін көтеру, импакт-факторы жоғары басылымдарға мақаланы дұрыс ұсыну, ғалым еңбектерінің шетелдік баспаларда жарық көруі және өзге да көкейтесті сұрақтардың шешу жолдары талданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -