Араб жастары қазақ тарихымен танысады

1042

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай араб тілінде халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі» атауына ие болған жазғы оқуға Иордания, Мысыр, Тунис, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы сынды араб елдерінің жастары онлайн режімде қатысуда.

Жазғы мектеп – студенттер, оқытушылар мен ғалымдар арасындағы халықаралық медиа-диалог алаңы. Ол әлемдегі барша ЖОО-ларда кеңінен қолданылады және қажетті академиялық біліктілікке ие болудың тиімді тәсілі болып табылады.

Шығыстану факультетінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан кезекті шараның басты мақсаты – өзара тәжірибе, пікір алмаса отырып, қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі жауһарларын араб әлеміне таныстыру және насихаттау. Сонымен қатар мұндай шаралар Қазақстан мен араб елдері арасында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ынтымақтастықты арттырып, ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және маңызды жиындарды жүзеге асыру бойынша байланыс орнатуға жол ашпақ.

23 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп барысында «Ортағасырлық Қазақстан тарихына шолу», «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қала мәдениеті», «Ортағасырдағы Орталық Азия ғалымдары», «Киіз үй – ұлттық мәдениеттің мұрасы», «Қазақи салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар», «Қазақстанның табиғаты мен тарихи орындары» тақырыптарында дәрістер оқылатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -