Тиматидің Audi TT-сі Ресейге қайтарылды

1888



«Аудиден» қалғанның бәрі Тюмень облысында тұратын азаматшаға жіберілді.

Тимур Юнусовтың екі есікті Audi TT көлігі бір кездері 30 мың доллар тұрған. 2005 жылы оны әртістің ауласынан ұрлап кеткен. 2006 жылы купе СҚО-дағы әкімшілік орталықтан табылды. Бұл уақытта автокөлік бірнеше рет иесін ауыстырған, нөмірлері өзгертіліп, құжаттары да қайта жасалыпты. Қылмыскер құрықталып, ісі сотқа жіберілді, ал Audi TT Петропавлдағы айып тұрағында қалып қойды.

Көліктің табылғаны туралы әртіске хабарланғанмен, ол темір тұлпарын алып кетуге асықпаған. Бірнеше жыл бұрын ол өзінің Instagram парақшасында мүлікті өз меншігінен шығару жөнінде құжаттарға қол қоюға дайын екендігін хабарлады.

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті «аудиді» Тюмень облысында тұратын және қолында әншінің сенімхаты бар әйел адамға тапсырды.


Фото: www.baigenews.kz

Kolesa.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -