Атырауда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық өтуде

897


20-27 қаңтар аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық жүргізіледі,  - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жатыр мойны қатерлі ісігі – дүниежүзі бойынша ең жиі кездесетін  қауіпті дерттің бірі. Десе де, аталмыш ауруды  ерте анықтау емделуге кепілдік береді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық онкодиспансері директорының міндетін атқарушы Эльмира Сапарова мәлімдеді. 

Нет описания фото.

- Жатыр мойны қатерлі ісігі -  жатыр мойнында пайда болатын ауру емес. Оның дертке  әкеліп соқтыратын  өзіндік  факторлары бар. Сондықтан, ұйымдастырылып отырған ашық есік күніне  барлық әйел адамдар келіп, тексерістен  өтсе дейміз, - дейді Эльмира Сапарова.


Бүгінде облыстық онкологиялық диспансерінде  төрт мыңға  жуық науқас есепте тұр. Соның ішінде жатыр мойны қатерлі ісігімен  тіркелген әйелдер саны - 523.  
Айта кетейік, апталық аясында әйел адамдар онко-гинеколог кеңесін жолдамасыз ала алады. Ал, жұмыс күндері апталыққа келе алмайтындар үшін 25 қаңтар күні ашық есік күні өтеді.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят

Мұнда  келушілерді  мамандар  сағат  09:00-13:00 аралығында қабылдайды.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -