Тағы жеті голливудтық фильм қазақ тілінде көрсетілетін

850

Елордада 2020 жылы кинотеатрларда қазақ тілінде шығатын Disney студиясының картиналары жарияланды. Әлемдік киностудиялардың қазақ тілінде көрсетілген фильмдерінің жинағына осы жылы тағы 7 жарқын премьера қосылады. Disney студиясының жаңа да, ескі де кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді: аты аңызға айналған жауынгер Мулан, жас гений Артемис Фаул, сиқырдың соңғы іздерін іздеуге шыққан ағайынды эльфтер, танымал актер Дуэйн Джонсон, «Алтын глобус» сыйлығының және АҚШ Кино актерлері гильдиясы сыйлығының иегері Эмили Блант және басқалар. Биыл көрермендерді машиналардың көтерілісі, айдаһарға табынатын ежелгі өркениеттің өмірі, адам өткісіз джунглидағы шым-шытырық оқиғалар туралы қазақ тіліндегі керемет қызық сюжеттер күтуде.

«Болашақ» корпоративтік қоры «Өзіңнен баста» жобасы аясында 2011 жылдан бастап Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas Films, Bazelevs және т.б. студиялардың 33 кинокартинасына дубляж жасаған. Жоба «Меломан» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба болып табылады және коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Жобаның жаһандық мақсаты – Қазақстан азаматтарына әлемдік студиялардың контентін ана тілдерінде қол жетімді ету. Бұл – қазақ тілінде сапалы контентті жасау, қазақ тілінде сөйлейтін тұрғындардың қазақ тіліндегі сапалы кинотеатралды контентке қол жеткізу құқығын қорғау, қазақ тілін әлемдік кеңістікте насихаттау туралы жоба.

Презентация кезінде болашақ премьералардың қазақ тіліндегі трейлері көрсетілді. Дубляж актерлері, дыбыс режиссерлері, мәтін үйлестірушілер өз істерінің қыр-сырымен бөлісті, ал ұйымдастырушылар мен серіктестер жобаның ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың нәтижелері туралы сөз қозғады. Іс-шараға жобаның ұйымдастырушылары, соның ішінде «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова, «Aray Media Group» студиясы, «BI Group» компаниясының өкілдері, сондай-ақ дубляж актерлері, дубляж мамандары, жобаға жанкүйер журналистер, блогерлер, қоғамдық қайраткерлер қатысты.

- Сүйікті кейіпкерлермен қазақ тілінде қарым-қатынас жасай отырып, біздің балалар мемлекеттік тілде көбірек сөйлеуге ұмтылатын болады. Біз балаларға арналған анимациялық фильмдерді қазақ тілінде көрсетуді қолдау мақсатында кинотеатрлар үшін салықтық жеңілдіктер, мысалы, мұндай сеанстарды көрермендерге ыңғайлы уақытта қоюға ынталандырар еді деп есептейміз. «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің алаңында «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, біз ҚР Үкіметіне дыбысталған киноны көрсетуді қолдау және азаматтардың кинотеатр контентіне қазақ тілінде тең жағдайда қол жеткізу бөлігінде ұсыныстар енгіздік. Біз осы мәселелер бойынша ҚР Премьер - Министрінің тапсырмасы шыққанын білеміз және жақын арада осы мәселелер бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан уәкілетті органның белсенді және сапалы қатысуын күтеміз, –  деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова.

Жоба серіктестер мен демеушілер қолдауының арқасында жүзеге асырылады. Жоба серіктестері: «Меломан» компаниясы, KINOPARK кинотеатрлар желісі, ivi және Megogo онлайн кинотеатрлары. Қазіргі таңда ivi интернет-кинотеатрында Голливуд фильмдерін қазақ тілінде көруге болады, және жақында олардың қатарын осы жылдың 7 премьерасы толықтырады. Әртүрлі жылдары ERG Еуразиялық компаниялар тобы, «Алтын Қыран» компаниялар тобы, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «DAMU Logistics» АҚ, «Байтерек» ҰБХ АҚ,  Kassa Nova Bank, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Құрылыс жинақтау банкі» АҚ, «Ordabasy group» ЖШС және т.б. жоба демеушілері болды. 2020 жылы фильмдерді дубляждау демеушісі «BI Group» компаниясы болды. Бұл компания бұрын да бірнеше фильмнің демеушісі болған.

- Қазақ тілі – біздің байлығымыз, халықтың рухы, тарихи және мәдени құндылық. BI Group холдингі үш жылдан бері «Өзіңнен баста» жобасын қолдап келеді. Осы уақыт ішінде құны 800 миллион теңгеге жуық 15 танымал фильм аударылып, дыбысталды. Қаржылай көмек бере отырып, біз тек ана тілімізді дамытуға қаражат жұмсамаймыз. Белсенді әлеуметтік-қайырымдылық қызметпен айналыса отырып, біздің компания қазақстандық балалар үшін сапалы шетелдік киноконтентпен танысуға мүмкіндік береді. Біз мемлекеттік тілге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеміз: көптеген жобаларымызда қазақша атаулар бар, және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай біз жаңа «Асыл мұра» тұрғын үй кешенін іске қостық. Сондай-ақ холдингтің әлеуметтік желілері мен қызметкерлерге арналған порталы екі тілді де жүргізіледі, – деді BI Development бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Қайрат Шаяхметов.

9 жыл ішінде «Өзіңнен баста» жобасының айналасында әлемдік киноны ана тілінде көру өте маңызды адамдардың қауымдастығын қалыптастырды. 9 500 000 жазылушы аудиториясы бар 100-ден астам қазақстандық медиа-тұлға біздің жобамызды қолдайды. 2018 жылы пікір көшбасшылары онлайн-дауыс беруді ұйымдастырып, оған 35 000-ға жуық азамат қатысты. Олардың барлығы фильмдерді қазақ тілінде еліміздің кинотеатрларында ыңғайлы уақытта көру мүмкіндігіне дауыс берді. Дубляждалған фильмдерді барлығы 170 000-нан астам көрермен қарады. Біз елорда мен өңірлерде 100-ден аса қайырымдылық кинокөрсетілім өткіздік. «Мұзды өлке 2» фильмін (2019 ж.) 26 900 адам қарап, жоба тарихында көрермендердің рекордтық санын жинады.

Қазақстанда алғаш рет "Болашақ" қоры бейімделген кинокөрсетілімдер тәжірибесін енгізді. 2018 жылдан бастап біз жыл сайын аутизм және дамудың басқа да ерекшеліктері бар балаларға арналған бейімделген кинокөрсетілімдер өткіземіз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -