ТЖ кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 мыңнан астам адам МӘСҚ-тан төлемдер алды

488



Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам әлеуметтік төлемді алды.

2 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3438 адам төлемдерін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші ​​болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды. Олардың ішінен:

– Нұр-Сұлтан қ. – 1521;

– Алматы қ. – 3500;

– Шымкент қ. – 8037;

– Ақмола – 2299;

– Ақтөбе – 2102;

– Алматы – 13 548;

– Атырау – 929;

– ШҚО – 3435;

– Жамбыл – 5436;

– БҚО – 1230;

– Қарағанды – 2195;

– Қостанай – 1886;

– Қызылорда – 3075;

– Маңғыстау – 1328;

- Павлодар – 1522;

– СҚО - 2457;

– Түркістан – 6321 адам.

Төлемдерді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз жүзеге асырылды. Төлемдерді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -