Армиялық жеңіл атлет жүгіруден Франциядағы Marseille – Cassis жүлдегері атанды

13200

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы, Токио-2020-дағы Олимпиада ойындарына қатысушысы Жанна Мамажанова Францияда өткен Marseille – Cassis Classique Internationale – 2021 халықаралық жартылай марафонда жарысқа түсті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР ҚМ

 Әскер спортшысы 20 шақырым қашықтықты 1 сағат 16 минут 28 секундта бағындырып, үшінші орынды еншіледі.

– Бұл жыл сайын Францияның Марсель қаласынан Кассис қаласына дейінгі аралықта өтетін халықаралық жартылай марафон. Әр жылы мұнда 20 мыңға жуық спортшы бағын сынайды, – деді Жанна Мамажанова. – Осындай спорттық іс-шараларға қатысу атлеттердің спорттық деңгейінің өсуіне және жүгірудегі аса маңызды жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Одан бөлек бұл – беріктікті, төзімділікті сынау.

Marseille – Cassis әлемдегі танымал жартылай марафон жарыстарының ондығына кіреді. Ол алғаш рет 1979 жылы ұйымдастырылды. Арақашықтығы 20 шақырымды құрайтын бағыт 327 метр төбеге көтерілгенде күрделене түседі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -