Аустрия Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды сауда серіктестерінің бірі

771

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Аустрия Федералдық Канцлері Карл Нехаммермен келіссөздер өткізіп, оның барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық Азия - Еуропалық одақ форматындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. 

Тараптар елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, екіжақты Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес сияқты тетіктерді белсенді пайдалану кезінде ынтымақтастықты тереңдету үшін барлық күш-жігерді жұмсауға келісті.

Аустрия Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 52,1 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылы тауар айналымы 163,1 млн АҚШ долларына жетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -