Mastercard Sustainable Banking Challenge байқауының қорытындылары шығарылды

1383

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Tech Hub және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Mastercard Sustainable Banking Challenge байқауын қорытындылады және финалисттер жобаларының питч-сессиясын өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Еуразиялық банк, ForteBank және Jusan Bank тұрақты банкинг саласында технологиялық стартаптарды іздеу жөніндегі байқаудың серіктестері болды.

Өтінімдерді жинау 30 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізілді. Байқауға алыс және жақын шетелдің 12 елінен стартаптардан барлығы 90-нан астам өтінім берілді. Mastercard, серіктес банктер және АХҚО Tech Hub сарапшылары 24 маусымда өткен жабық сессияда өз шешімдерін ұсынған стартаптардан 12 шешімдеріне бағалау және іріктеу жүргізді. Үш стартап Astana Finance Days 2022 халықаралық конференциясы аясында 27 маусымда сарапшылар алдында ұсыныстарын көрсетті.

замена

Питчингке іріктелген үш жоба байқау ұйымдастырушыларының пікірі бойынша байқаудың негізгі мақсаттарына сәйкес келетін неғұрлым өзекті бағыттарын – қазақстандық банктердің үздік финтех стартаптармен әріптестік арқылы тұрақты банкингін дамытуға және ESG-тәуекелдердің кең спектрін басқаруға жәрдемдесуді – қамтиды.

Бірінші жоба болып "Понимаю" корпоративтік әл-ауқат платформасы (Ресей Федерациясы) ұсынылды. Жоба қызметкерлердің психикалық денсаулығы мен әлеуметтік әл-ауқатын қолдау арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Қызметкерлерді қолдау бағдарламасы психологтың консультацияларынан, лайф - және бизнес-коучтермен сессиялардан, нутрициологтардың консультацияларынан, онлайн-фитнестен және т. б. тұрады. Платформаның атқарушы директоры Дарья Федорованың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істеген 9 айда компанияның 570 қызметкерінің 84-і қолдау сұрап өтініш білдірген, 300-ден астам консультация өткізілген. Консультациялардың орташа бағасы 5-тен 4,9 баллды құрады. Негізінен адамдар жеке даму, өзін-өзі тану, отбасылық қатынастар және мазасыздық мәселелеріне жүгінеді. Өкілдің "Понимаю" бағалауы бойынша шешімді енгізу кезінде инвестициялардың қайтарымдылық көрсеткіші (ROI) 54% - ға жетуі мүмкін.

Екінші жоба – блокчейн платформасында онлайн-режимде шарттармен жұмыс істеу мүмкіндігін ашатын TrustContract жобасы (Қазақстан Республикасы). Компанияның бас атқарушы Директоры Шыңғыс Дәулетбаевтың айтуынша, бүгінде көптеген адамдар стандартты шарттарды жасау және қол қою үдерісінде әдеттегі проблемаларға тап болып отыр: құжаттарға қол қоюдың қымбат болуы және ұзаққа созылуы, курьерлік қызметтерді пайдалану, шарттың екінші түпнұсқасын қайтару кезінде контрагенттің жауапсыздығы, қағаз құжаттарды басып шығару, есепке алу және сақтау бойынша шығындар мен қолайсыздықтар, сондай-ақ лезде қол қою мүмкіндігінің болмағаны үшін қызмет алушылардан төмен конверсиясы. TrustContract жобасы онлайн режимде шарттар базасына толық қолжетімділік беріп, клиенттермен және серіктестермен лезде мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді әрі қағазда және курьердің қызметтерінде қаражатты үнемдейді.

Үшінші жоба - Overizon (Литва) ұсынған Super App құру платформасы. Компанияның бас атқарушы Директоры Алексей Недорезов атап өткендей: "Біз серіктестік сервистерді, офферлерді, жазылымдар мен контентті тапсырыс берушінің мобильді қосымшасына енгізе отырып, клиенттердің өмірлік циклін, тартылу көрсеткіштерін және табыстылығын арттырамыз. Біз қажетті қызметтерді, мазмұнды, серіктестік ұсыныстарды қосымшаға біріктіреміз және оларды дисплей қорабына шығарамыз. Серіктестік бағдарламаны басқару үшін мазмұнды басқару жүйесіне (CMS) кіруді теңшейміз, сонымен қатар техникалық және клиенттік қолдауды қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде бұл табыстылықты арттыруға, жылыстауды төмендетуге және жаңа клиенттерді тартуға, мобильді қосымшаның енуін арттыруға көмектеседі, ал соңғы пайдаланушы таныс сатып алулардан кэшбэк алу арқылы үнемдеуге, банк қосымшасында ыңғайлы сервистерді пайдалануға, хабардар болуға, трендте болуға және үнемі дамуға мүмкіндік алады".

Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры Рафал Трэпка: "Барлық қатысушылар мен серіктестерге алғыс айтамыз! Біз финтех-стартаптарды дамыту үшін осыған ұқсас байқауларды, конференциялар мен кездесулерді көбірек өткізу қажет екеніне сенімдіміз. Екіншіден, осындай іс-шаралардан кейін нақты нәтиже болуы үшін бұған өте прагматикалық тұрғыдан қарау керек. Төлем индустриясындағы технологиялық компания ретінде біз үшін инклюзивтілік, пайдаланушылардың қаржылық және экологиялық сауаттылығы туралы айту өте маңызды. Осы бағыттардың барлығы өте маңызды, сондықтан біз өзіміздің әріптес банктерімізбен бірге Қазақстандағы осы үрдістерді жеделдету үшін түрлі елдерден ең өзекті стартаптарды таңдаймыз".

АХҚО Tech Hub Бас директорының орынбасары Бекжан Мұтанов: "Біздің ұйымның негізгі басымдықтарының бірі – стартап-экожүйені дамыту және Қазақстанның ірі компанияларында корпоративтік инновацияларды ынталандыру. Сондықтан біз Mastercard Sustainable Banking Challenge өткізу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Мұндай бастамалар біздің корпоративтік секторымызда нарықта таң қалдыруға қабілетті көптеген қызықты шешімдер мен стартап командаларының бар екенін нақты түсіну үшін маңызды рөл атқарады. Біз Mastercard компаниясына байқауды және осындай маңызды тұрақты даму тақырыбын қолдағаны үшін, сондай-ақ Еуразиялық банк, ForteBank және Jusan Bank тұлғасындағы біздің серіктес банктерімізге олардың белсенділігі мен ашықтығы үшін алғысымызды білдіреміз".

Стартап-финалистер Mastercard сараптамалық қолдауымен байқаудың серіктес банктерімен ($10 мың АҚШ долларына дейінгі сомаға) пилоттық жобаны іске қосу және Қазақстан нарығындағы табысты пилотты масштабтау мүмкіндігіне ие болады.

Байқау жобаларымен іріктеудің бағыттарымен, шарттарымен және өлшем шарттарымен бағдарламаның сайтында танысуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -