Қазақстанда БҰҰ мен Еуроодақ жаһандық бағдарламасын іске асыру жөніндегі халықаралық конференция туралы

1713

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық одақтың бірлескен «Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс істеу жөніндегі күш-жігерді қолдау және пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық туғызатын радикализацияның алдын алу» жаһандық бағдарламасын Қазақстанда іске асыру нәтижелерін талқылауға арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бағдарламаның донорларына еліміздің пенитенциарлық жүйесін реформалауға және Қазақстандағы пенитенциарлық мекемелердегі зорлық-зомбылыққа әкелетін радикализаиялауға жол бермеуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыруына қолғабыс көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол Жаһандық бағдарламаны жүзеге асыру пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс жасау жөніндегі іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Жаһандық бағдарлама Еуропалық одақ, БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы және Нидерланд Корольдігі Үкіметінің қаржылық қолдауымен іске асырылған және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы, БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоратының бірлескен төрт жылдық (2018-2021 жж.) бастамасы болып табылады.

Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ елімізге танысу сапарымен келген Тунис пен Уганданың пенитенциарлық жүйесінің өкілдері қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -