Дүниежүзі қазақтары І құрылтайының 30 жылдығына арналған Халықаралық форум өтті

1068

Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында Дүниежүзі қазақтары І құрылтайының 30 жылдығына арналған «Қазақ елі: өсіп-өркендеудің тұжырымдамалық негіздері және жаһанданған әлемге бейімделу» Халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Форум барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің өкілі министр Дархан Қыдырәлінің құттықтау сөзін оқыды.

«Баршаңызды Дүниежүзі қазақтары құрылтайынының 30 жылдығына арналған форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаншама қиын-қыстау заманды басынан кешкен қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізе салысымен қолға алған игі істерінің бірі – туған мекенінен жырақ кеткен қандастарын тарихи отанына қайтаруы еді. Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы – атажұртты аңсаған қаншама жанның жүрегінде шемен боп қатқан шерді тарқатты, ұлттың рухын көтерді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді», – делінген құттықтау хатта.

Іс-шарада қатысушылар қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қазіргідей сындарлы сәтте ұлтты ұйыстыру мәселесін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -