Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк анықталды

1477
Фотосурет: Freepik

2022 жылғы 30 қыркүйекте Қытай Халық банкі «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк ретінде анықтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Юаньмен операциялар бойынша клирингтік инфрақұрылымды дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды кезең болып табылады. Клирингтік банктің қызметі ұлттық валютадағы есеп айырысуларға жаңа серпін береді, және де өзара сауда және инвестициялық қызметтің дамуына ықпал етеді.

Клиринг – төлемдер балансының шарттарына сүйене отырып, өзара есеп айырысу жолымен жүзеге асырылатын, бір-біріне жеткізілген, сатылған тауарлар, бағалы қағаздар және көрсетілген қызметтер үшін елдер, компаниялар, кәсіпорындар мен банктер арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -