Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтеді

20988

2022 жылдың 19 қазанында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби атындағы кітапханасында (Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27) ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтеді.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайды зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастыруда.

Тұсаукесерге ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев (онлайн), ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо (онлайн), ҚР Тұңғыш Президент кітапханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан және Қытай Сыртқы істер министрліктері, аналитикалық құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады.

«Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» арнайы мерейтойлық басылымда 1992-2022 жылдардағы екіжақты қатынастар зерттелген. Онда ҚР Тұңғыш Президент кітапханасы, ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Казахстанская правда» газеті редакциясының мұрағат материалдарының негізінде бірегей анықтамалық деректер, аса маңызды ресми құжаттар, сирек фотосуреттер жиналып, 30 жыл ішінде қол қойылған қолданыстағы келісімдер мен шарттардың тізімі жасалынды.

Кітаптың басты ерекшелігі – қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі үш блоктан тұруы. Ондағы ұсынылып отырған ресми құжаттардың басым бөлігі алғаш рет мемлекеттік тілге аударылғанын ерекше атап өткен жөн.

Басылым халықаралық қатынастар, шығыстану саласындағы дипломаттарға, мамандар мен студенттерге және Қазақстанның заманауи сыртқы саясаты мен Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуына қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 18.10.22 күнгі сағат 12.00-ге дейін astana.project_official@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн.

Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі аумағында өтетіндігіне байланысты көліктің кіруі үшін қоса берілген кестеде көлік мәліметтерін көрсету қажет.

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27 (Тимирязев көшесінен кіреберіс), Әл-Фараби кітапханасы, 4 қабат, 409-зал.

Байланыс нөмірі: + 7 701 250 25 69 (Исина Айгерім Еркінқызы).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -