ҚазҰУ ғалымы Корё университетінде тағылымдамадан өтті

1052

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Қыдырбаев Бектияр Мырзабайұлы QS WUR рейтингі бойынша әлемдік топ-200 университеттердің қатарына кіретін Оңтүстік Кореяның Корё университетінде біліктілікті арттыру бойынша халықаралық тағылымдаманы сәтті аяқтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Қыдырбаев Бектияр Мырзабайұлы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен QS WUR рейтінгі бойынша топ-200 университеттерінің қатарына кіретін Корё университетінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2022 жылдың 6 қарашасы мен 13 қарашасы аралығында Бектияр Мырзабайұлы Орталық Азия елдерінің басқа оқытушыларымен бірге университеттің жетекші профессорларының корей тілін заманауи оқыту әдістемелері тақырыбында дәрістерін тыңдап, университеттің орта және жоғары сынып мектептерінде болды. Орталық Азия елдеріндегі корейтану ғылымының өзекті мәселелері бойынша түрлі пікірталастарға қатысты. Бүгінгі таңда бұл оқу орнында қазақстандық студенттер де білім алуда. Қазақстан оқытушылары мен студенттерін шақырып, қолдау көрсеткені үшін Корея Республикасының Бас консулдығына, Алматы қаласындағы Корей білім беру орталығы мен Корё университетіне үлкен алғысымызды білдіреміз және шетелдік серіктес университеттермен алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -