Профессор Джо Гюн Юн ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқыды

1123

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, профессор Джо Гю Юн «Жағымды ойлар бақытты өмірдің салты» атты көшбасшылық дәріс оқыды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Фатима Жақыпова, «Altyn Bank» Басқарма төрағасының кеңесшісі Алик Шпекбаев, ғалымдар мен оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты.

Жиынға ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Фатима Жақыпова модераторлық етіп, IMEI білім комитетінің басшысы, профессор Джо Гю Юнды көпшілікпен таныстырды.

Модератор өз кезегінде делегация құрамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, онда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын және аталған институттың жетістіктері таныстырылғанын жеткізді.

Сөз алған «Altyn Bank» Басқарма төрағасының кеңесшісі Алик Шпекбаев.

«Бүгін бізге жағымды ойлауға шақыратын және өнегелі білім беру мәселелерімен айналысатын ғалым келді. Жағымды ойлай – біздің ішкі әлемімізді, өзегімізді нығайтады. Көп дүние өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты, ол абыройсыз және қоғамға жат әрекеттерді жасауға жол бермейді. Сын-қатерге толы өзгермелі бүгінгі әлемде Джо Гю Юн мырза өмірде сол қатерлерден өтіп, қалай жеңімпаз атануға болатындығы туралы айтатын болады» Алик Шпекбаев

Мазмұнды дәрісте профессор Джо Гю Юн Оңтүстік Кореяның қысқа мерзімде кедейлік пен соғыстан қираған елден Орталық Азия аймағының көшбасшысы мемлекеттерінің біріне айналғанын тілге тиек етті. Бұл жетістікке осы елде қалыптасқан жағымды ойлау өмір салты айрықша ықпал еткенін атап өтті.

«Оңтүстік Корея елінің қарқынды дамуының өзегінде нақты көшбасшылық, қиындықтарға төтеп беру қабілеті, екінші индустрияландыру, экспорттың өсуі және ең бастысы халықтың санасы мен рухының жаңғыруы жатыр» Джо Гю Юн
«ҚазҰУ бүгінде әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде 150-ші орында тұр. Алдағы уақытта 100-ші орынға көтерілуге де мүмкіндік бар, және бұл шектеу емес. Егер сіздің жақсы өмір сүруге деген талпынысыңыз күшті болса, сіз өз мақсатыңызға жете аласыз!» Джо Гю Юн

Дәріс соңында профессор жиналғандардың назарына Ханган өзеніндегі экономикалық ғажайып туралы бейнефильм ұсынды.

Тыңдаушылар профессормен сұрақ-жауап алмасып, естелік суретке түсті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -