Биылғы жылы «Еуразия» кинофестивалі екі конкурстық бағдарламаны қамтиды: халықаралық конкурс (соңғы 12 айда Еуразия континентінің аумағында түсірілген 15 толықметражды ойын фильмі) және Ұлттық конкурс (2021-2022 жылдары шығарылған 15 отандық толықметражды ойын фильмі). Екі байқауда да жеңімпаздар келесі бес номинация бойынша анықталады: Үздік фильм, Үздік режиссерлік жұмыс, Үздік ерлер рөлі, Үздік әйел рөлі және қазылар алқасының арнайы жүлдесі. Айта кетейік, белгілі отандық кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұлов XVI «Еуразия» ХКФ президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«Фестиваль құрылған сәттен бастап "Еуразия" дәстүрінде өскен қазақстандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасты. Бүгін қазақстандық кинематограф осындай деңгейге жетті, оның ішінен өз алдына жеке ұлттық байқау бөлініп шықты. Онда халықаралық кинофестивальдерге қатысқан және жеңген фильмдер де, кең аудиторияда табысқа жеткен картиналар да сынға түсетін болады» Гүлнара Әбікеева, Фестивальдің бағдарлама директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті
Конкурстан тыс бағдарламаға: мерейтойлық фильмдерді, сондай-ақ фестивальдің ашылу және жабылу фильмдерін қоса алғанда, әртүрлі дәуірлер мен жанрлардағы әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасын ұсынатын «Ерекше оқиға» бағдарламасы; заманауи қысқа метражды қазақстандық киноға арналған «Жаңа есім» бағдарламасы кіреді. Онда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмінің көрсетілімдері болады. Фестивальдің басқа іс – шараларына өндіріс сатысында тұрған отандық ленталарды таныстыратын Work-In-Progress бағдарламасы кіреді.
Фестивальдің ресми ашылуы мен жабылу салтанаты Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Кино көрсетілімдері Kinopark 16 кинотеатрында (форум СОО) өтеді.
Фестиваль офисі мен баспасөз орталығы Holiday Inn Express Almaty қонақ үйінде орналасады. БАҚ аккредиттеу ресми сайтта жалғасып жатыр. Аккредиттеуге тікелей сілтеме.