"Еуразия" конкурстық бағдарламаларына "Оскарға" ұсынылған төрт фильм қатысады

10626

XVI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің екі конкурстық бағдарламасына қатысатын төрт фильм биылғы жылы өз елдері атынан Америка киноакадемиясының "Оскар" сыйлығына ұсынылған. Бұл факт биылғы кинофестиваль бағдарламаларының жоғарғы деңгейінің көрсеткіші болып табылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осы фильмдер туралы фестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева баяндайды.

Чех режиссері Петр Вацлавтың "Иль Боемо" картинасы тіпті Моцарттың өзіне әсер еткен композитор Йозеф Мысливечек туралы баяндайды. Ол 30-дан астам опера жазды және қызықты шығармашылық өмір сүрді. Опера музыкасына толы, әдемі костюмдер мен керемет актерлер бар өте әдемі, жарқын фильм.

Екінші фильм мүлдем керісінше. Түрік режиссері Тайфун Пирселимоглудың "Керр" фильмі әкесін жерлеген ер адамның оқиғасын баяндайды. Чех фильмінен айырмашылығы, мұнда стиль қатаң, психологизм, эстетикалық бейнелеу басым.

Үшінші фильм – режиссер Леван Кугуашвилидің "4-ші Брайтон" фильмі. Бұл Америкада тұратын ұл мен көмекке келген әке арасындағы қарым-қатынастың тарихын баяндайтын фильм. Картина ата – ана құрбандығының күші, эмиграция мәселелері, грузин бауырластығы туралы, бірақ бәрінен бұрын ұрпақтар байланысы туралы.

Қазақстаннан "Оскарға" ұсынылған режиссер Эмир Байғазиннің "Өмір" картинасы кредит, қарыз, жұмыстан босату, ақшасыз қалу, бомжға айналу, психбольницаға түсу және қылмыстық орта арқылы өмірдің ең түбіне құлаған ер адам туралы баяндайды. Бірақ бұл үмітсіз фильм емес, адамның өмір мен өлім арасындағы шекараға қалай баратыны туралы философиялық рефлексия. Өте әдемі, концептуалды кино.

Осы төрт фильмге қырғыз режиссері Ақтан Арым Құбаттың "Есімде" картинасын да қосуға болады, ол биылғы жылы Азия – Тынық мұхиты елдері киноакадемиясының (APSA) "Азия Оскарын" жеңіп алды, бұл бүкіл Орталық Азия үшін үлкен мақтаныш.

Биылғы жылы Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде сонымен бірге "Жаңа есімдерді ашу" қысқаметражды фильмдерінің бағдарламасы бар, бұл бағдарлама киновуздарда білім алып, кәсіби кинода алғашқы қадамдарын жасап жатқан дарынды қазақстандық авторларды қолдау үшін құрылған.

Конкурстық бағдарламалардағы сияқты, мұнда да 2020-2022 жылдары жасалған ең жарқын және ерекше 15 жұмыс ұсынылған.

Бұл картиналар қазірдің өзінде киносыншылардың назарын өздеріне аударып, "Байқоңыр", "Бастау", "48 сағат", "Томирис" секілді отандық фестивальдерде, сондай-ақ халықаралық кинофорумдарда түрлі жүлделерге ие болған.

Естеріңізге сала кетсек, XVI ХКФ "Еуразия" Алматыда 12-18 желтоқсан аралығында өтеді. Ресми ашылу және жабылу салтанаты бүкіл еуразиялық кеңістіктегі ең ірі театрлардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Кинокөрсетілімдер "Форум" СОО-дағы Kinopark 16 кинотеатрында өтеді. Кіру тегін.

Қосымша ақпаратты eurasiaiff.org сайтынан және фестивальдің әлеуметтік желілерінен ала аласыздар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -