Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі тарихи рекордтарға жетуде

2247
Фотосурет: АР

2023 ж. 18 қаңтарда ҚХР Бас кеден басқармасы Қытайдың 2022 ж. шет елдермен сыртқы саудасы туралы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жыл қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы рекордтық 31,2 млрд. долл. жетті.

Өзара сауданың 23,6%-ға өсуіне негізінен Қазақстанның Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін 133,7%-ға, шикізаттық энергетика өнімдердін – 58%-ға, химиялық өнімдердін – 25,2%-ға жеткізуінің ұлғайуы себеп болды.

Өз кезегінде Қазақстан Қытайдан пластмасса мен каучук импортын 45%-ға, тоқыма және тоқыма бұйымдарын 23,4%-ға және машиналар мен жабдықтарды 21,4%-ға ұлғайтты.

Қытай көптеген жылдар бойы Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі болып келеді. Қазақстан өз кезегінде Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады.

Оң серпін сақталған жағдайда, 2030 ж. қарай тауар айналымын 35 млрд. долл. дейін ұлғайту жөніндегі екі мемлекет басшылары деңгейіндегі уағдаластық белгіленген мерзімнен бұрын іске асырылуы ықтимал.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -