Қазақстан мен Испания экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты

49929

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Д.Мұсаев Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ш.Мендеспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар а.ж. 30 мамырында Астанада өтетін Үкіметаралық комиссия мен «ҚР-Испания» Іскерлік кеңесінің алдағы отырыстарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбаттасушылар өзара сауда мен инвестициялардың өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ оларды басым секторларда әртараптандыру мүмкіндіктерін қарастырды. Келіссөздердің жеке тақырыбы баламалы логистикалық маршруттарды, оның ішінде Транскаспий көлік бағытын кеңейту және пайдалану мәселесі болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -