Алматыда FAIO 2025 Халықаралық олимпиадасы басталады

1375
Фотосурет: Gov

Қазақстанда 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -