Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев «Фелипе Гонсалес қорының» директоры Росио Мартинес-Самперемен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылап, ынтымақтастықтың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтті. Әңгімелесу барысында Қазақстандағы ішкі саяси күн тәртібі да қозғалды. Елші елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға кеңінен тоқталды. Испанияның бұрынғы премьер-министрі Фелипе Гонсалестің қазіргі демократиялық Испанияның дамуындағы рөлі бөлек талдалды.
Д. Мұсаев Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелерімен хабардар ету мақсатында Қордың беделді сарапшылық алаңдарымен тұрақты диалог орнатуға дайын екенін білдірді.
Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар байланысты жалғастыру және Қордың талдау орталығында іс-шара өткізуге келісті.
Анықтама: Фелипе Гонсалес қоры өз қызметін 2016 жылы бастады. Ұйым Испанияның бұрынғы премьер-министрі Фелипе Гонсалестің (1982-1996 жж.) құжаттық мұрағатын барлық азаматтарға қол жетімділігін қамтамасыз етуге жауапты. Қор сонымен қатар тең мүмкіндіктерді, демократияны ілгерілететін және заманауи қоғамның сын-қатерлерін шешу құралдарын ұсынатын іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырады және қолдайды, Еуропарламент жанындағы Прогрессивті еуропалық зерттеулер қорының ресми серіктесі болып табылады.