Жыл сайын 12 мамыр, мейірбике ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күнінде мейіргерлер өздерінің кәсіби мерекелерін – Дүниежүзілік мейіргер күнін атап өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Денсаулық сақтау саласында адам өмірі мен денсаулығы үшін күресудің табыстылығы әр маманға байланысты. Мейіргерлер дәрігерлерге қолқабыс көрсетеді, олардың жұмысы да өте маңызды және заманауи білімді, дағдыларды жетілдіруді, сүйіспеншілікті, шыдамдылықты, мейірімділікті және басқаларға жанашырлық танытуды талап етеді. Мейіргердің жұмысы үнемі зейінді, ақыл-ойды және физикалық күш-жігерді де қажет етеді. Мейіргерлер кәсіби жан-жақты болуы керек және бәрін жасай білуі керек, олар: мейіргерлік күтім жасау, талдамалар алу, құжаттамамен жұмыс істеу және т.б.
«Біздің клиникада өз әріптестері арасында лайықты құрметке ие жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Ең алдымен, олар өз жұмысын жақсы көреді және адал жұмыс істейді. Стационарда мейіргер болып жұмыс істеу оңай емес. Пациенттердің үлкен ағымына қарамастан, олар әр пациентке мұқият сыпайылықпен және қамқорлықпен қарайды» Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов
Олар: 2022 жылдың үздік маманы – реанимация бөлімшесінің мейірбикесі Айна Бегалиева, Сәулелік диагностика бөлімшесінің мейіриесі Асыл Шәкен; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, рентгенэндоваскулярлық оперблок және №2 терапия бөлімшелерінің аға медбикелері: Гүлмира Құспекова, Әйгерім Тілеулинова және Марал Тасыбаева; мейірбикелер: оңалту бөлімшесі Зухра Бақбергенова мен Индира Медеуова, №2 терапия бөлімшесі Әсем Шайқұлова, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бөлімшесі Гүлзахира Баймұсаева, ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі Гульбахар Хайриева, функционалдық диагностика бөлімшесі Жұлдыз Андабаева және т.б.
Клиниканың бірінші басшысының айтуынша, мейірбике мамандығы, дәрігер сияқты, үнемі біліктілікті арттыруды қажет етеді.
«Сондықтан біз дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсіби өсуі үшін қажетті жағдайлар болуы үшін бар күшімізді саламыз. Біздің кейіпкерлеріміз уақытпен қатар жүріп, білімдерін жетілдіреді, кәсіби дағдыларын арттырады. Жоғары мейірбикелік білім алады. Республиканың жетекші медициналық орталықтарының базасында, жақын және алыс шет елдерде тұрақты негізде тағылымдамадан өтуде: Израильде, Литвада және т.б. Мысалы, өткен айда Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында өз біліктіліктерін арттырды» Марат Пашимов
Мейірбикелердің кәсіби мерекесінде ҒЗИ бірінші басшысы әріптестеріне ризашылығын білдірді:
«Мен әріптестерімді Халықаралық мейірбике күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер адамдардың жүрегіне жақсылыққа, айығып шығуға деген үлкен сенім ұялатып, үміт сыйлайсыздар. Мен Сіздерге қызметтеріңізді ешқандай қателіксіз мінсіз атқаруларыңызға тілектеспін. Бұл күні құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа және өмірлеріңіз бақытқа толсын! Пациенттердің ризашылығына бөлене беріңіздер!» Марат Пашимов