Қазақстан инновациялар блокчейнінің орталығына айналуда

68519
Фотосурет: Astana Hub

Қазақстанда ең ірі мульти-локациялық Web3 хакатоны – Decentrathon басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталық Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн саласындығы ең ірі хакатондардың бірі Decentrathon өтіп жатыр. Ауқымды технологиялық шара Қазақстанның 9 облысынан: Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкенттен 1.200-ден астам қатысушыны қамтып, әлемдік рекордты жаңартамыз деп отыр.

Үш күн бойы бір уақытта Қазақстанның 13 жерінде еліміздің Web3 бойынша дарынды энтузиастарынан құралған 250-ден астам команда кең аудиторияға өз әлеуетін көрсетеді. Decentrathon – Қазақстанда неғұрлым озық технологиялық ландшафт, тұрақты блокчейн экожүйесін құру жолындағы үлкен қадам, сонымен қатар университеттер үшін блокчейн индустриясын дамытуға үлес қосу үшін тамаша мүмкіндік болады.

Іс-шараны IT-стартаптарының халықаралық технопаркі Astana Hub, Blockchain Center, Binance Kazakhstan және BNB Chain компаниялары ұйымдастырды.

Шараны Семей қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ашты. Сондай-ақ, Maqsut Narikbayev университетінде өткен ашылу салтанатына «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров; Binance Қазақстан бас менеджері Жаслан Мәдиев; BNB Chain компаниясында блокчейн саласындағы Solution Architect - Rumeel Hussain және Қазақстандағы Блокчейн орталығының директоры Айдана Қасқырбек қатысты. 

«Хакатон Binance экожүйесінің көмегімен және қатысуымен ұйымдастырылды. Сондықтан бұл хакатон блокчейн индустриясына еніп, өз дағдыларыңызды іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» Деп Семейден телекөпір арқылы ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сөз сөйледі

«Адами капитал - кез келген саланы дамытудың маңызды бөлігі. Хакатон қатысушылары - саланы жаңа жобалармен қуаттандыратын болашақ блокчейн инженерлері. Binance экожүйесі аймақтағы блокчейн индустриясының дамуына толықтай қолдау көрсетеді. Қазақстан бүкіл аймақтық крипто хабына айналуға барлық мүмкіндіктері бар. Сондықтан Binance Қазақстандағы блокчейн қауымдастығын дамытуымен қатар жергілікті инфрақұрылымды дамытуға белсенді қатысады» Binance Kazakhstan бас менеджері Жаслан Мәдиев

«Бірнеше жылдан кейін блокчейн технологиясы біздің өмірімізге қайтымсыз енеді. Қазақстан бұл салада тек бәсекеге қабілетті елге айналып, әлемдегі озық тәжірибелерге сүйеніп қана қоймай, осы үрдістерді қалыптастыратын жетекші ел болуға толық мүмкіндігіміз бар. Ал Decentrathon – бұл блокчейн әлеміндегі жаңа бренд, одан керемет блокчейн қауымдастығы өсетініне сенімдімін» Қазақстандағы Блокчейн орталығының директоры Айдана Қасқырбек

Хакатон үш күнге созылады, ал байқау нәтижелері мен жеңімпаздар 2023 жылдың 16 маусымында Астанада өтетін Decentral Asia блокчейн форумында жарияланады. Естеріңізге сала кетейік, хакатонның жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрайды, ал жеңімпаздар олардың инновациялық шешімдері мен идеялары негізінде таңдалады. Бірінші орын $5000, екінші орын $3500 және үшінші орын $1500 жүлдеге ие болады.

Хакатон (ағылшын тіліндегі «hack» және «marathon» сөздерінен шыққан) – алдын ала бекітілген уақыт барысында, әзірлеушілер және т.б. жиналған мамандардың қандай да бір мәселені шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін ұйымдастырылатын шара.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -