Жапон университеті ҚазҰУ ның ғылыми әзірлемелеріне қызығушылық танытады

3441

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Цукуба университетінің вице-президенті, профессор Онеда Осам жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына арнайы кампус-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Цукуба университеті тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан әріптес білім ордалары. Жоғары оқу орындары арасында келісімге қол қойылған сәттен бастап, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін дамытуға бағытталған бірқатар жобалар бірлесіп іске асырылуда. ҚазҰУ қызметкерлері, докторанттар мен магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жапонияда ғылыми тағылымдамадан өтеді. ҚазҰУ-да жапондық студенттер де білім алады.

Іссапар аясында профессор Онеда Осам биология және биотехнология факультетінде болды. Қонақтарды қарсы алған факультет деканы Болатхан Заядан биология және биотехнология мәселелері бойынша ҒЗИ мен зертханаларға экскурсия ұйымдастырды.

Бұдан әрі делегация «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болып, студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша оқу-білім беру, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени ойын-сауық қызметтерін ұсынатын жастар ресурстық орталығының қызметімен танысты.

Қонақтар өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдердің өндірісі жолға қойылған Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу орталығында болып, Қазақстан аумағында өсетін дәрілік өсімдіктер қоспаларының бірнеше түрінен әзірленген табиғи препараттар өндірісінің қызметі және оның технологиялық кезеңімен танысты.

Сондай-ақ делегация құрамына ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластері, энергия үнемдейтін шамдарды, наноматериалдардың тәжірибелік өндіру, физика бойынша бағдарламалық кешен және басқалар көрсетілді.

Кампус-тур химия және химиялық технология факультетіндегі Экстракциялық және сорбциялық процестер және металдар мен минералдарды талдау зертханасына экскурсия жасаумен аяқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -