Елдер арасында көпірлер саламыз: Қазақстан мен Польша ғылыми байланыстарды нығайтуда

3457

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің қауымдастырылған профессорлары Гүлбану Жүгенбаева мен Ақмарал Ысқақ Erasmus+ бағдарламасы аясында Польшаның Седльце жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар университетінде тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тағылымдама аясында ҚазҰУ ғалым-оқытушылары университет ректоры Минкина Мирославтың қабылдауында болып, өзара тәжірибе алмасу, қос диплом және бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар польшалық болашақ тарихшы студенттермен кездесулер өтті. Онда «Қазақстан архивтеріндегі поляктар тарихы», «Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы қызметі және Польша архивтеріндегі құжаттар», «Қазақстандағы поляктар диаспорасы және олардың қазіргі даму әлеуеті», «Қазақтың ұлттық университетінің ғылыми-оқу статусы мен әлеуеті» тақырыбында арнайы дәрістер оқылып, Қазақстан тарихы, ҚазҰУ жетістіктері мен құрылымы, ғылыми әлеуеті жайлы мол мағлұмат берілді.

ҚазҰУ оқытушылары Седльце университетінің кітапхана қоры, құрылымы және материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылардың педагогикалық және ғылыми жетістіктеріне қанықты. Іссапар аясында қаланың орталық мемлекеттік архивінде және басты музейінде болып, ақпараттық технологияның архив қызметіне енгізілуі жайында өзара тәжірибе алмасты.

Бұған қоса, сапар барысында Гданьск қаласындағы Қазақстан консульдығының директоры Джоанна Насырова ханыммен жоспарланған жұмыстар және Гданьск университетімен келісімшарт жасау, қосдипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері пысықталды. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық бағыттары екі ел университеттері ғалымдары арасында онлайн жалғасатыны келісілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -