Қазақстан мен Болгария арасындағы мәдени байланыстар: болашаққа жоспарлар

2535

Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және профилді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Мәдениет министрі Найден Тодоровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мазмұнды әңгіме барысында қазақстандық дипломат болгар әріптесіне халықтарымыздың терең тарихи және мәдени байланыстары, елдер арасындағы достықтың көпірі болып табылатын өзара мәдени орталықтар және Қазақстанда мәдениет пен өнер саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Н.Тодоров белгіленген бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге ерекше қызығушылық танытып, қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында әңгімелесушілер өзара мәдени алмасуды ынталандыруға және барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жүргізуге келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -