Жібек жолындағы жасыл экономика: ҚазҰУ Үрімшідегі халықаралық форумда

6369

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Үрімші қаласында өткен Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі экология мен қоршаған ортаның тұрақты дамуы жөніндегі халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форум барысында Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова, география және табиғатты пайдалану факультетінің ғалымдары – доцент міндетін атқарушы, PhD Дана Шоқпарова, доцент міндетін атқарушы, PhD Сәнім Бисенбаева шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты.

Шараға 21 елден 300-ден астам қатысушы шақырылды. Форум барысында экожүйені, биоәртүрлілікті сақтау, қатысушы елдерде экомәдениетті дамыту, биоәртүрлілік пен экожүйені зерттеу мен сақтауға бағытталған платформалық зертханаларды құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыс биологиялық әртүрлілік, су ресурстары, жер деградациясы, жасыл технологиялар, теориялар мен тәжірибелер сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтыған алты секцияда жүргізілді.

Форум нәтижесінде қатысушы елдер жасыл экономиканы дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, серіктестікті дамыту декларациясына қол қойды.

Сонымен қатар ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Ж.Айтжанова Шыңжаң медициналық университетінде болып, осы ұйымның президенті Аджакбар Айсамен кездесті. Кездесу барысында түрлі деңгейдегі мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және көптеген мәселелер аясында бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -