Қазақстан Түркі инвестициялық қорына $70 млн инвестиция салады

16687
Фотосурет: Gov/Жумабеков Ж.

Мәжіліс Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді мақұлдады​​​​​​​, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров заң жобасын палатаның жалпы отырысында таныстыра отырып, қазіргі жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның сыртқы байланыстарын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізу негізгі мақсаттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Соның айғағы ретінде, экономикалық секторлардағы тұрақты өсуді қамтамасыз ете алатын барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырудамыз. Осыған орай, екіжақты ынтымақтастықпен қоса, көпжақты платформалар шеңберінде, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясында белсенді өзара іс-қимыл жасаудамыз» Әлібек Қуантыров 

Оның айтуынша, ТМҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі –  экономиканың озық секторларына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа технологиялардың пайда болуын ынталандыру және оларды белсенді енгізу.

Түркі инвестициялық қоры түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты болып табылады. Оның мақсаты - өңірішілік сауданы кеңейту және экономикалық белсенділікті қолдау арқылы ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.

«Қор инвестициялық қызмет арқылы келесі функцияларды орындайтын болады – шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылымды құруды және жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіптік өндірісті, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және жасыл экономиканы қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы даму жобаларын қолдау. Аталған жобалар ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашуға, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді» Әлібек Қуантыров 

Қордың жарғылық капиталы жалпы номиналды құны $350 млн. құрайтын төленген акциялар және номиналды құны $150 млн. құрайтын қосымша тартылатын акциялар болып табылады. Әрбір мемлекеттің үлесі $70 млн. төленген акциялардан тұрады.

«Заңның қабылдануы Қазақстанға түркі әлемінің белсенді қатысушысы, түркі Халықаралық қаржы ұйымының алғашқылардың бірі және толыққанды мүшесі болуға, экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ ТМҰ шеңберінде және одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді» Әлібек Қуантыров

ТМҰ құрамына:

  • Әзірбайжан
  • Қазақстан
  • Қырғызстан
  • Түркия
  • Өзбекстан кіреді

Бақылаушы елдер:

  • Венгрия
  • Түркіменстан

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -