Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

1397
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Бүгін ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагері Кочережкин Константин Леонтьевич, Ұлттық ұланның ардагерлері, қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Шара барысында әскери қызметте ерекше көзге түскен сарбаздар мен офицерлер кеуде белгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақ түрлері, әскери киім үлгілері қойылған көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар назарына ұсынылды. Салтанатты шара әскери оркестр мен бөлімнің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерекелік шара барысында ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бекайдар Қазкеев және өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бақытжан Бердиев қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақты Отанға адал қызмет етуге шақырды. Шара соңында ардагерлер мен қонақтарға дәстүрлі сарбаз ботқасы ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -