Парижде қазақ жауынгерінің қабіріндегі тақта жаңартылды

1518
Фотосурет: Gov

Францияда азат етуші жауынгерлердің рухына тағзым етілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен Әскери атташат аппаратының өкілдері Франция аумағында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің Франциядағы елшілері мен Нуайен-Сен-Мартен коммунасының мэрі Ж. Теньелль қатысты.

Аталған мемориалдық зиратта француз Қарсыласу қозғалысы қатарында соғысқан Қызыл армияның 4670 жауынгерінің сүйегі жерленген.

Қазақстанның Елшілігі Франция аумағында шайқасқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жерлеу орындары туралы ақпаратты іздестіру жұмысын жалғастырып келеді.

Атап айтқанда, ү.ж. наурыз айында Қарсыласу қозғалысына қатысқан жеті қазақстандық туралы мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ Мец қаласындағы «Шамбьер» ұлттық әскери некрополінде жерленген 20-дан астам қазақстандықтың тізімі табылды.

Бұған қоса, қазақ дипломаттарының бастамасымен француз билігі Париж қаласындағы Банё Паризьен әскери зиратында жерленген сарбаз Нурман Молдабековтың дұрыс жеке деректері көрсетілген тақтайшаны жаңартты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -