Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) Басқарушылар кеңесі Орталық Азияда алғаш рет бас қоспақ, деп хабарлайды DKNews.kz.
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) Директорлар кеңесі Басқарушылар кеңесінің 9-шы жыл сайынғы отырысын Самарқандта 2024 жылы қыркүйекте өткізетінін хабарлады. Әлемдегі ең ірі даму институттарының біріне жататын (109 елді біріктіретін) басқару органы негізгі кездесуді өткізу үшін тарихта алғаш рет Орталық Азия аймағын таңдады. Банк бұл шешім Қазақстан мен Өзбекстан сияқты және аймақтағы басқа да елдердің жаһандық экономикадағы әрі Азия аймағындағы рөлінің артып келе жатқандығын атап көрсетеді.
Өткен аптада Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында 2023 жылғы АИИБ жыл сайынғы жиналысының аяқталуына және 2024 жылғы АИИБ жыл сайынғы жиналысын қабылдаушы елге өкілеттіктердің тапсырылуына арналған салтанатты рәсім өтті. Өзбекстан Республикасы бойынша АИИБ басшысы, АИИБ Басқарушылар кеңесінің төрағасы және Өзбекстандағы АИИБ 2024 жыл сайынғы жиналысының қожайыны Лазиз Кудратов салтанатты жағдайда АИИБ Египет бойынша басшысы және АИИБ Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы төрағасы, доктор Мухаммед Маиттің қолынан құттықтау қабылдады.
“Біз Өзбекстан мен Египет үкіметтерінің үздіксіз қолдауын жоғары бағалаймыз. АИИБ жыл сайынғы жиналысы біздің акционерлерден Банктің стратегиялық бағыты бойынша баға жетпес білім мен ұсыныстарды алудың бірегей мүмкіндігі болып табылады. Біздің акционерлермен тұрақты қарым-қатынас жасау АИИБ жылдам өсуіне негіз болатын ашықтық пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін маңызды” АИИБ президенті және директорлар кеңесінің төрағасы Цинь Лицюнь
“Өзара араласа отырып, жаһандық мәселелер бойынша ашық пікірталасқа көмектесетін үздіксіз қолдауымыздың арқасында жыл сайын болатын кездесулеріміз сәтті өтуде” АИИБ вице-президенті және корпоративтік хатшысы Лудгер Шукнехт
Сондай-ақ мәртебелі меймандар Мысыр халқы мен үкіметіне 2023 жылы АИИБ жыл сайынғы жиналысын өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Бүгінгі таңда АИИБ Қазақстан үкіметімен бірлесіп көлік инфрақұрылымы және жасыл технологиялар саласындағы жобалармен жұмыс істеуде. Банк қуаттылығы 100 МВт Жаңатас жел электр станциясын құру жобасына 46,7 миллион доллар инвестиция құйып үлгерді. АИИБ сарапшыларының пікірінше, біздің еліміз жақын болашақта көміртегі бейтараптығына (парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету) қол жеткізуге қабілетті.