Жұмыс орындары мен инвестициялар құру: Қазақстан мен Франция жасыл энергияны дамытуда

5357
Фотосурет: freepik

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт гибридті электр станциясы салынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутаттар Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялады.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері, орнықты даму саласындағы ірі жобаларды ілгерілету.

Құжат 2022 жылы қарашада Парижде жасалды. Келісімге сәйкес Жамбыл облысы Мирный кентінің маңында жалпы қуаты 1 ГВт гибридті жел электр станциясы жобасын салу жоспарлануда. Бұл жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын кемінде 2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мирный жобасы аясында 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны, 2500 уақытша жұмыс орны құрылады. Шамамен 820 млрд теңге инвестиция тартылып, қосымша 3600 млрд кВтсағ «жасыл» энергия өндірілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -