Алматыдан Нью-Йоркке дейін: Орталық депозитарий қазақстандықтар үшін АҚШ нарығына тікелей қолжетімділікті ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Орталық депозитарий Bank of New York Mellon банкінде шот ашты. Енді KCSD депоненттерінде АҚШ нарығына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.
The Bank of New York Mellon – даму тарихы XVIII-ғасырда басталған ежелгі әлемдік қаржы институттарының бірі. Бұл ұйым өз клиенттеріне әртүрлі қаржылық қызметтерді, соның ішінде кастодиандық қызметтерді ұсынады.
2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша BNYM 35 елмен тығым қарым-қатынас орнатқан, ал сақтаудағы және/немесе басқарудағы активтердің көлемі 45,7 трлн АҚШ долларын құрайды, сондай-ақ 1,8 трлн актив басқаруда тұр.
Үш ірі кастодианның екеуімен – Clearstream Banking және Euroclear Bank – KCSD корреспонденттік қарым-қатынас (депозитаралық көпірлер) орнатты, ал 2023 жылғы 13 қарашада Орталық депозитарий BNYM-мен корреспонденттік байланыс орнату үшін барлық қажетті рәсімді аяқтады.
Бұдан басқа, KCSD Ресей Федерациясының ұлттық есеп айырысу депозитарийімен, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының орталық депозитарийлерімен корреспонденттік қатынастар орнатты.
"BNYM-мен ынтымақтастықты бастау – бұл біздің клиенттеріміз үшін инвестициялық құралдарды таңдаудағы көкжиектерді кеңейтудің тамаша мүмкіндігі. Біздің жаңа сервис біздің клиенттердің бизнесіне оң әсер ететініне және қазақстандық инвесторлардың жаңа қаржы құралдарына деген қажеттілігін қанағаттандыратынына сенімдіміз" KCSD Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов
BNYM банкінде шот ашу халықаралық депозитарийлермен және жаһандық кастодиандармен депозитаралық және корреспонденттік қатынастарды кеңейту бөлігінде KCSD даму стратегиясын іске асыру аясында өтті.
Қазақстандық депоненттер болып табылатын KCSD клиенттері үшін BNYM-де шот ашу нәтижесінде, енді депоненттердің активтерін BNYM-ге ауыстыру қолжетімді болады, бұл активтерді сақтау және мәмілелер жүргізу үшін кәсіби қатысушылардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық депоненттерге Euroclear және Clearstream сияқты жоғары тұрған есепке алу ұйымдары бұрын қолжетімділікті бермеген американдық эмитенттердің бағалы қағаздарының неғұрлым кең спектріне қолжетімділік ұсынылады. BNYM банкіндегі шот арқылы жаңа шетел нарықтарына, мысалы, Гонконг пен құрлықтық Қытай нарықтарына қолжетімділік ашылады, бұл KCSD клиенттері үшін инвестициялық құралдарды таңдауды арттырады.
Орталық депозитарий өз клиенттеріне 25 жыл бойы қызмет көрсететін, трейдингтен кейінгі қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы болып табылады.